ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Алматы тұрғыны мас жүргізуші кесірінен екі аяғынан айырылды

Ол көліктің астында жаншылып қалған

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 61 жастағы әйелді көлік қағып, екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ford көлігі Мақатаев көшесімен келе жатып, Чайковский көшесінің қиылысында аялдамада тұрған адамды қаққан. Артынша жол жиегіндегі көлікке соғылып, аударылған. Зардап шеккен жолаушы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дегенмен, жағдайы ауыр. Көліктің астында жаншылып қалғандықтан, екі аяғын кесуге тура келген. 

«Екі аяғына да ампутация жасалды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Реанимация бөлімшесінде тиісті ем қабылдап жатыр. Есіне келген жоқ. Жағдайы әлі ауыр. Әлі болжам айту ертерек», - дейді қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов.

Апатқа себепкер болған көліктің жүргізушісі сол жерде ұсталды. Қалалық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, ол көлікті мас күйінде жүргізген. 

«Көлікті тізгіндеген азамат мас болып шықты. Ол сот-наркологиялық сараптамасымен дәлелденген дерек. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының нормаларыны сәйкес жүргізуші ұсталып, қамауға алынды», - дейді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.