Қостанай облысында дәмхана басшысы бірнеше адамды құлдықта ұстап келген
Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанай облысында ер адамды шынжырға байлап ұстап, кейін өлтіріп тастаған мейрамхана басшысы сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы «Караван» дәмханасының басшысы 2016 жылдан бастап бірнеше адамды құлдықта ұстап келген. Ол ер адамдарды тегін жұмыс істетіп, бойжеткеннің тәнін сатуға дейін барған.
«Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк облыстағы дәмханалардың бірінің басшысы Тимур Алатаев жәбірленушілерді шынжырда ұстап, байлап отырғанын айтты. Оның мәліметінше, ол құлдықта ұстаған адамдардың бірін өлтірген», - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, дәмхана басшысы Тимур Алатаев полицияда жұмыс істеген. Ол 17 жылға сотталды. Ал Боровское ауылының тұрғындары Вячеслав Евдокимов пен Рамиль Абдулхаев 14 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.