$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2020, 22:17
Оқиғалар

Ақмола облысында қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

Оның жетекшілігімен топ ақша бопсалап, әлімжеттік жасаумен айналысқан

Ақмола облысында қылмыстық топ жетекшісі ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының полицейлері әлімжеттік жасап, ақша бопсалап келген қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 31 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Оның айтуынша, 2 наурыз күні оны автокөлікке күштеп отырғызып алған бейтаныс үш жігіт қала сыртына апарып, ұрып-соққан. Сонымен қатар 500 мың теңге ақша бопсалаған. Жәбірленуші азамат күдіктілердің бірімен әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Сөйтіп өзара сату-сатып алу бойынша мәмілеге келіп, сол үшін кездескен», - деп жазады медиа-портал.

Осы арызбен жұмыс істеген Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын сотталған болып шықты. 

«Қазір күдікті изоляторға қамауға алынып, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер қылмыстық топтың құрамында болған өзге қатысушылардың орналасқан жерін анықтауға кірісті», - дейді полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары