Коронавирус: АҚШ-та круиз лайнері карантинге алынды

Дәрігерлер жиырма шақты адамда коронавирус болуы мүмкін деп болжап отыр

Коронавирус: АҚШ-та круиз лайнері карантинге алынды
Фото: bbc.com

«Гранд принцесс» круиз лайнерінен түскен жолаушылардың біріне коронавирус диагнозы қойылып, кеме карантинге алынды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

«Коронавирус диагнозы қойылған 71 жастағы ер адам емханада көз жұмды. Бұл Covid-19 вирусынан көз жұмған Калифорниядағы алғашқы, АҚШ-тағы он бірінші жағдай. Осы хабардан кейін Калифорния штатында төтенше жағдай жарияланды», - деп жазады басылым.

«Гранд принцесс» круиз лайнері мен Жапонияда карантинге алынған «Даймонд принцесс» кемесінің екеуі де Carnival компаниясына тиесілі. 

«Рейс тоқтатылды, ал кеме карантинге алынды. Бортта 62 адам болған. Дәрігерлер кеменің 11 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесінде коронавирус болуы мүмкін деп болжап отыр», - деп жазылған мақалада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.