Түркияға Мексикадан барған құтқарушы ит мерт болды
Елде құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген құтқарушылар үйінділердің арасынан тірі қалғандарды іздеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Протео есімді Мексикадан келген құтқарушы ит іздеу-құтқару жұмыстары кезінде үйінділердің астында мер болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Мексика армиясының әскери қызметшілері ретінде біз батыр серігіміз Протео атты итті жоғалттық. Сіз Түркиядағы бауырларымызды іздеу және құтқару жөніндегі мексикалық команданың құрамындағы міндетіңізді орындадыңыз. Батырлығыңыз бен еңбегіңіз үшін рақмет!», - делінген хабарламада.
Түркияда Протеомен қоштасу рәсімі өтті, оған Мексика ТЖМ және Түркия Республикасының ТЖМ қызметкерлері қатысты.
Айта кетейік, осыған дейін желіде Қазақстаннан барған Джейкоб есімді құтқарушы ит жұртшылықты сүйсіндірген еді. Ол Қазақстанда 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істеп келеді.
6 ақпанда Түркияда жойқын зілзала болып, 35 мыңнан астам адам қаза тапты. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.