$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2023, 13:11
Оқиғалар

Павлодарда өрт кезінде пәтерден ес-түссіз жатқан мүгедек ер адам табылды

Өрттен екі адам құтқарылды 

Павлодарда өрт кезінде пәтерден ес-түссіз жатқан мүгедек ер адам табылды

Павлодарда өрт кезінде пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Пәтер иесі 1973 жылы туған азамат, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» басқару пультіне 2023 жылғы 15 ақпанда сағат 06:07-де Бектұров көшесі, 351 мекенжайы бойынша бірінші кіреберістен түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен. 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде бір бөлмелі пәтерде үш шаршы метр алаңда жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Барлау барысында дәлізде пәтер иесі – 1973 жылы туған екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адам ес-түссіз күйде табылды», – деді департаментте. 

Құтқарушылардың нақты және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде баспалдақ арқылы екі адам құтқарылды. Олардың біреуі «103» қызметіне тапсырылды. Пәтер иесі Павлодар қалалық №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесіне «денесінің 25% бөлігін екінші-үшінші дәрежелі термиялық күйік шалған, жану заттарымен орташа улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. 

Тілсіз жауды сөндіруге Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының 19 қызметкері мен 5 техника қатысты. Өрт сағат 06:34-те сөндірілді. 

Серіктес жаңалықтары