$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.02.2020, 01:56
Оқиғалар

Көлік астына жатып алған полицей оқиғасы: Кінәлілер жауапқа тартылатын болды

Жол қозғалысына шектеу қойылғанын елемеген бір топ жүргізуші полицейлермен жаға жыртысқан

Көлік астына жатып алған полицей оқиғасы: Кінәлілер жауапқа тартылатын болды

Ақмола облысында жол қозғалысына шектеу қойылғанына қарамастан жолға шықпақ болып, полиция қызметкерлерімен жаға жыртысқан азаматтар заң алдында жауап беретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Күннің қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан – Теміртау аралығындағы жолға қозғалысқа шектеу қойылған болатын. Бірақ бір топ жүргізуші сол шектеуді елемей, жолын бөгеген полицейлермен жаға жыртысқан. Тіпті, жүргізушілер жолдағы полиция көлігін итеріп тастапты. Жолға шығармаған полиция қызметкерін де көлікпен басып кете жаздаған.

Амалы таусылған полиция қызметкерінің бірі көліктердің алдын кес-кестеп жатып алыпты. Алайда, ентелеген жұрт оны күшпен жұлқа тартып итеріп тастайды. Дегендеріне күшпен жеткен бірнеше көлік сытылып тасжолға шығып кеткен.

Қазір күдіктілер анықталды. Енді олар заң алдында жауап береді.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан –Теміртау бағытындағы жол ашылды.

«Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған көлік жүргізушілері тиісті жауапкершілікке тартылады. Екі газель автокөлігі, және жеңіл автокөлік жүргізушілері полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полиция қызметкерін көлігімен қасақана қағып кеткен көлік жүргізушісіне де тиісті айып тағылатын болады», – деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.

 

Серіктес жаңалықтары