$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 22:23
Оқиғалар

Атырау облысында жол-көлік апатынан 5 адам қаза тапты

Құлсары – Теңіз тасжолы бойында болған жол апатының себептері анықталып жатыр

Атырау облысында жол-көлік апатынан 5 адам қаза тапты

28 ақпан күні Атырау облысына қарасты тасжолда екі автокөлік соқтығысқан жол-көлік апаты салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бүгін таңертең Атырау облысының Теңіз вахталық ауылынан 25 шақырым қашықтықта, Құлсары – Теңіз тасжолы бойында екі автокөлік соқтығысқан.   

Ресейлік нөмірлі Chevrolet Aveo көлігінде төрт қазақстандық азамат отырған. Олардың бәрі апат орнында ажал құшты.

Ал қарсы бағытта келе жатқан Лада 2131 маркалы екінші автокөлік ішінде Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болған.   

Бұл көліктің жүргізушісі алған жарақаттары салдарынан қаза тапты. Ал жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабына сәйкес «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол-көлік апатының себептері анықталу үстінде, сот сараптамасы тағайындалатын болады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары