$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2020, 02:35
Оқиғалар

Коронавирус Грузияға жетті

Грузияда ондаған адам карантинге жатқызылды 

Коронавирус Грузияға жетті
Фото: sova.news

Грузияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы арнайы брифингте Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Екатерина Тикарадзе  мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Ауру жұқтырған адам – Грузияның егде жастағы тұрғыны, ол Ираннан келген екен. 50 жастағы азамат Грузияға Әзербайжан арқылы жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі оның дереу Тбилисидегі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілгенін және өзге адамдармен қарым-қатынаста болмағанын атап өтті. 

«Ауру жұқтырғаны нақтыланған азаматтың бойында вирус болғанымен, бүгінгі күні оны клиникалық тұрғыдан толық сауықты деуге болады. Жалпы, бұл ауру 82% жағдайда жеңіл түрде өтеді», – деді министр.   

Қазіргі уақытта Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасында дене қызуы көтерілген 14 науқас жатыр, олардың 11-і Грузия, қалғаны Қытай және Иран азаматтары.   

Айта кетсек, Қытай билігі елдің орталық бөлігінде орналасқан Хубэй провинциясына қарасты Ухан қаласында белгісіз пневмонияның тарап жатқаны туралы 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын ескерткен. Мамандар ауру қоздырғышының жаңа коронавирус екенін анықтады. ДДСҰ аталмыш індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми түрде COVID-2019 атау берген болатын.

26 ақпан күнгі мәліметтерге сүйенсек,  әлем бойынша 81 184 адам ауру жұқтырған, 2769 адам вирус салдарынан көз жұмған, 30 мың емделуші сауығып шыққан. 

Қытайдан өзге, бүгінгі күні әлемнің 33 елінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2,5 мың адамға жеткен, 34 адам көз жұмған.   

Серіктес жаңалықтары