«400-ге жуық ресейлік әскер қаза тапты»: Ресейдің кезекті дрондарын Украина атып түсірді
Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігі хабарлады
Reuters агенттігінің дереккөздері Макеевкаға соққы беру нәтижесінде жаңадан жұмылдырылған ондаған ресейлік әскерилердің қаза тапқаны туралы хабарлады. Бұл Ресейдің соңғы кездегі соққыларының үшінші толқыны болды.
"Олар қазір маршруттарды іздеп жатыр және бізге қандай да бір жолмен соққы беруге тырысуда, бірақ олардың террорлық тактикасы нәтиже бермейді. Біздің аспан қалқанға айналады", – деді Украина Президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак жеделхатта.
Украинаның Әуе қорғанысы жүйелері түні бойы жұмыс істеп, жақындап келе жатқан дрондарды құлатқан.
Киев облысының губернаторы Алексей Кулеба облыста және астанада дрондардың түнгі шабуылдары қатты болғанын айтты. Оның сөзінше, ресейліктер шахед дрондарының бірнеше толқынын ұшырған. Маңызды инфрақұрылым нысандарына бағытталған.
Сонымен қатар, Ресей билігіне жақын дереккөз Reuters агенттігіне әскерилер оқ-дәрі қоймасымен бірге орналасқан оккупацияланған Макеевкадағы казармаға айналдырылған колледжге соққы беру нәтижесінде жаңадан жұмылдырылған ондаған ресейлік әскерилердің қаза тапқаны туралы хабарлады. Украинаның Қорғаныс министрлігі онда 400-ге жуық ресейлік әскери адам қаза тапты деп мәлімдеді.
Украина президенті Владимир Зеленский отандастарының жанқиярлығын жоғары бағалап, Ресейдің күш-жігері еш пайдасыз әкелмейтінін атап өтті.
"Дрондар, зымырандар, оларға көмектеспейді. Өйткені біз біргеміз. Оларды тек қорқыныш біріктіреді", – деді Зеленский.