$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2022, 11:59
Оқиғалар

Қазақстан жолдарында бір аптада 12 адам құтқарылды

Биыл қыс басталғалы қар құрсауында қалған 75 адам эвакуацияланды

Қазақстан жолдарында бір аптада 12 адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қыс басталысымен Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункттерінің республика жолдарындағы жол-көлік оқиғаларына шығуы, сондай-ақ автокөліктің сынуына байланысты жолаушыларды эвакуациялауы жиіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ хабарлауынша, тек өткен аптада трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары 12 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 9-ы – Өзбекстан, 1-уі – Тәжікстан, 2-уі – Қазақстан азаматтары.

«Мәселен, 21 қарашада Қарағанды облысының «Ақсу-Аюлы» ТМҚК қызметкерлері «Қайрат» дәмханасына бұзылған автокөліктен 2 адамды эвакуациялады.

Сондай-ақ 24 қарашада сағат 3.12-де «Шығанақ» трассалық пунктіне Меркі-Бурылбайтал трассасында жолаушылар тиеген автобустың бұзылып қалғаны туралы ақпарат түсті. Тоңып қалған адамдарға көмек көрсетуге ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы шықты. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді, 10 адам «Айғаным» дәмханасына эвакуацияланды”, - дейді ведомство өкілдері.

Биыл қысқы кезеңінің басынан бастап трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадаларының күшімен ақаулы автокөлік пен қар борауынан 75 адам эвакуацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда авариялық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМСК) қызмет көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары