27.12.2022, 12:16
Оқиғалар
Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз қайтыс болды
15 жастағы қыз бала 22 желтоқсан күні биіктен құлаған болатын
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бала көптеген жарақаттар алған. Сүйектердің, омыртқаның сынуы, жұлынның зақымдануы, ішкі органдарының көптеген зақымдануы болды. Ауруханамыздың дәрігерлері қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады», - деді облыстық балалар ауруханасында.
Еске салайық, 22 желтоқсан күні сағат 17:06-да облыстық жедел жәрдем қызметіне 8-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен. Қыз бала Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлаған.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады