$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2022, 15:12
Оқиғалар

Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы жабық сот отырысында қаралады

Тергеу органдарының өтінішін қарау нәтижесі кейінірек белгілі болады

Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы жабық сот отырысында қаралады
Фото: ашық дереккөзден

Журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы арызды қарау жабық сот отырысында өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 «Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтінішін қарау жабық сот отырысында өтеді, өйткені ол да мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, таратты, жария етті (Қылмыстық кодекстің 185-бабы) деген күдікке ілінген», - делінген хабарламада.

Тергеу органдарының өтінішін қарау нәтижесі кейінірек белгілі болады.

Айта кетсек, бұған дейін қылмыстық істі тергеуді Бас прокуратура өз қадғалауына алған болатын. Ал қаржы мониторингі агенттігі журналистің пәтерін тінту кезінде заңбұзушылықтар болды деген мәлімдемелерге жауап берді.

Тақырыпқа орай: Журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты Ақорда пікір білдірді

Еске салайық, 18 желтоқсанда Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілінген ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұстаған болатын. Журналист осы ұйымдасқан топқа қатысқан (ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, таратқан (ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабының 3-бөлігі) деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары