$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚМА Козачковтың пәтерін тінтуге қатысты түсініктеме берді

Ведомство тінту жұмысының пәтер иесінің және куәгерлердің қатысуымен өткенін мәлімдеді

ҚМА Козачковтың пәтерін тінтуге қатысты түсініктеме берді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачковтың ісіне қатысты жедел-тергеу тобының процессуалды іс-әрекетінің заңдылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚМА хабарлағандай, журналистің пәтерін тінту ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстінің 254-бабының негізінде жүргізілген. 

«Тергеу соты тінтуге негіз және қажеттілік бар ма деген мәселені тексеріп, санкция берген. Тінту жұмысы пәтер иесінің, куәгерлердің қатысуымен өтті. Тінту барысы түгелдей бейнекамераға жазылды. Қорғау жағы тінтуге қатысу туралы талап-арыз берген жоқ», - деп хабарлаған дереккөзге ҚМА.

Айта кетейік, бұған дейін республикалық адвокаттар коллегиясы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан Козачковтың ісіне қатысты заң бұзу болғанын мәлімдеген еді.

Ал ҚМА агенттігі Козачковтың адвокаты келген кезде тінту басталып кеткенін, тергеуші деректерді жоғалту мен бұрмалауға жол бермес үшін тінтуді үзбей, сырттан ешкімді кіргізбеуге құқылы болғанын алға тартып, түсініктеме берген.

Тақырыпқа орай: «Тергеу барысы қадағалауға алынды»: Бас прокуратура Козачковтың ұсталуы жайында

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері М. Козачковты 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұстаған.

Серіктес жаңалықтары