12.12.2022, 08:59
Оқиғалар
Қарағандыда газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты
1953 жылғы әйел адам мен 2014 жылғы бала ауруханаға түскен
Қарағандыда жер үйлердің бірінде 50 литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан 1953 жылғы әйел адам мен 2014-ші жылғы бала ауруханаға түскен. Өрт сөндірушілерге жарылыс туралы ақпарат сағат 12:20 шамасында жеткен, 13:10 кезінде өрт сөндірілді.
Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.
«Қалған екі науқастың жәй-күйі орташа ауыр», - дейді дәрігерлер.
Қазір мамандар өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді