$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2019, 10:07
Оқиғалар

Ақтауда кеден бекетінің басшысы қылмыстық топтың мүшесі болған деп айыпталды

Қылмыстық топ мүшелеріне аса ірі көлемде пара беруі мүмкін деген айып та тағылып отыр

Ақтауда кеден бекетінің басшысы қылмыстық топтың мүшесі болған деп айыпталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда Ираннан заңсыз темекі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. «Морпорт» кеден бекетінің басшысы оның мүшесі болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бриллиантовая рука» арнайы операциясы барысында қылмыстық топ контрабандамен маусым айынан бері айналысып келгені белгілі болды. Бірнеше айдың ішінде Ақтауға 39 контейнер темекі әкелінген. Тауар тиеп, Ресейге бет алған екі жүк көлігі Атырау облысында қолға түскен. Тәртіп сақшылары бір мезетте 13 мекен-жайды тексерген. Бірнеше пәтер мен жұмыс кабинеттерінен 20 миллион қораптан астам емекі тәркіленді. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - дейді Маңғыстау облыстық ЭҚД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрғиса Байгисиев.

Сонымен қатар, қылмыстық топ мүшелеріне аса ірі көлемде пара беруі мүмкін деген айып тағылып отыр. Олар салықтық және кедендік төлемдерден жалтару арқылы мемлекетке 8 миллиард теңге шығын келтірген. Басқа эпизодтар бойынша шығын көлемі анықталуда.

«Соңғы 6 контейнерді олар шекарадан құрылыс материалы мен томат пастасы ретінде алып өткен. 5 миллион теңге көлемінде кедендік салық төлеген. Ал мұндай көлемдегі темекі үшін 3 млрд теңгеден астам қаржы төленуі тиіс», - Нұрғиса Байгисиев.

Мемлекеттік кірістер департаменті «Морпорт» кеден бекеті бастығының қамауға алынғаны жөнінде ақпарат беруден бас тартты. Сот қылмыстық істің барлық қатысушылары қамауға алынғанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары