$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2022, 17:33
Оқиғалар

Маңғыстауда жол апатынан алты адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда жол апатынан алты адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды

Маңғыстау облысында Ақтау-Құрық тас жолында жол апатын болып бір адам ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Mercedes-Benz» C220 автокөлігінің жүргізізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota Camry»-ге соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 28 жастағы «Mercedes-Benz» жүргізушісі апат болған жерде қайтыс болды. Зардап шеккен алты жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, Қарақия аудандық ПБ қызметкерлері қылмыстық кодекстің 34 бабының 3 тармағы бойынша іс қозғады. Қазір жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес әзірге жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары