$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 12:12
Оқиғалар

Алматыда сәбиін өлтірді деп айыпталған британ азаматын қамау мерзімі ұзартылды

Күдікті тағы бір ай қамауда болады

Алматыда сәбиін өлтірді деп айыпталған британ азаматын қамау мерзімі ұзартылды
фото: ernur.kz

Өткен жылы Алматы қаласындағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жастағы қызын өлтірді деген күдікпен 41 жастағы Мохамед Баракат қамауға алынған болатын. Жақында прокурорлар София есімді сәби басы қысылып көз жұмғанын хабарлап, сәби өліміне Баракат кінәлі деп танылса, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын айтты. 

Ал, бүгін Алматы қалалық соты Мохамед Баракатты қамау мерзімі ұзартылып, 24 наурызға дейін тергеу изоляторында отыратынын айтты.

«Тергеу сотының ұйғарымымен қамауға алу бесінші айға дейін, яғни 24 наурызға дейін ұзартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Софияның өліміне қатысты істің қалай тергеліп жатқанын полиция жария еткен жоқ. Қылмыс 2019 жылдың 24 қазанында Алматыдағы бес жұлдызды қонақүйде болған. Бастапқыда ер адам баланы ұрып өлтірді деген хабар тарады. Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлер сәбидің жүрек соғысын қалпына келтіргенмен, ол көп ұзамай Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында көз жұмды. Кейінірек Мохамед Баракаттың әйелі бір жарым жастағы сәбиінің жазатайым оқиғадан (құлап – ред.) көз жұмғанын мәлімдеп, күйеуін кешіретінін айтқан еді. 

Қазір сәбидің жұмбақ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары