$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 16:26
Оқиғалар

Алматы облысында ұсталған браконьерлерден 22 атыс қаруы тәркіленді – Табиғатты қорғау полициясы

Соңғы екі күн ішінде облыста браконьерлікке қатысы бар 41 құқық бұзушылық анықталған

Алматы облысында ұсталған браконьерлерден 22 атыс қаруы тәркіленді – Табиғатты қорғау полициясы
Фото: Rusunion

Соңғы бір жарым ай ішінде Алматы облысында 162 браконьер ұсталып, табиғатқа айтарлықтай залал келтірген. Оларға қарсы 12 қылмыстық іс қозғалған. Қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатқандармен күресу мақсатында Алматы облысының аумағында ұйымдастырылған «Браконьер» республикалық іс-шарасы әлі де жалғасып жатыр.

«Рейд барысында браконьерлерден 22 атыс қаруы тәркіленді, оның жетеуі заңсыз сақталған. Сондай-ақ 2,5 мың келі балық, 4 елік және 1 қабанның тұтас еті, одан бөлек, 34 ондатр және 20 түрлі құс тәркіленді»,- деп жүргізіліп жатқан іс-шараның нәтижесін туралы Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Ерлан Құджақов.

Қазір табиғатқа келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Соңғы екі күн ішінде облыс аумағында 41 құқық бұзушылық анықталған. Таулы өлкеде аң аулап жүрген 28 дерек анықталса, заңсыз балық аулаған 10 оқиға тіркелген. Қолға түскендердің арасында ағашты аяусыз кескендер де бар. 

«Кейбір азаматтар табиғи ресурстарды өндіруде аяусыз әдістерді пайдаланады. Малайсары асуына жататын Іле өзенінің жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан Қарасай ауданының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Қазақстанда тыйым салынған, 10-15 метр радиустағы тірі тіршілік иелеріне зияны көп (өлтіретін – авт.) «электр ауды» қолданған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп толықтырды Ерлан Құджақов.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары