$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 11:41
Оқиғалар

Алматыда пәтер тонаумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

Олар пәтерден 43 мың доллар ақша мен әшекейлер ұрлаған

Алматыда пәтер тонаумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды
фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Күдіктілер Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің бірінде болған ұрлықтан кейін ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

«Олар пәтерден 43 мың доллар ақшаны, сондай-ақ пәтер иесінің алтын әшекейлерін ұрлап кеткен. Заттай дәлелдемелер күдіктілерден ұсталған кезде табылып, тәркіленді. Қылмыстық топтың кем дегенде үш пәтер тонау фактісіне қатысы бары анықталды. Топ құрамы үш адамнан тұрады:  Н. (1992 ж.т.), О. (1990 ж.т.) және Ф. (1991 ж.т.).  Ұсталғандардың біреуі бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Берік Әбілбековтің айтуынша, ұрылар негізінен пәтерлерді қараусыз қалған кезде аңдып, көбіне қымбат есігі бар бағалы пәтерлерді тонайды.

«Бұрын біз қылмыс құрамындағы өзгенің мүлкін ұрлау үлесі 70 пайызды құрайтындығы туралы хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты, криминалдық полиция қызметкерлерінің 70 пайызы мүліктік қылмыстардың ашылуына және алдын алуға бағытталған. Ұрлық фактілерін уақытында ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды, – деді Берік Әбілбеков.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #ұрлық