10.11.2022, 13:13
Оқиғалар
Атырау облысындағы жол апатында жасөспірім жүргізуші қаза тапты
Тағы төрт жолаушы зардап шекті
Атырау облысындағы жол апатында жасөспірім жүргізуші қаза тапты. Апат Жасталап ауылының ауданында болған. Toyota Corolla жолдан шығып, аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Шетелдік көлікті 2008 жылы туған жасөспірім басқарған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сотқа дейінгі тергеу басталды, тексеріс жүргізілуде. Белгілі болғандай, жасөспірім ата - анасының рұқсатынсыз көлік жүргізген»,-деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2007 жылы туған төрт жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
