01.11.2022, 14:44
Оқиғалар
Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды
Қайғылы оқиға 31 қазанда болған
Фото: ашық дереккөзден
Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 қазанда болған.
«Есіл» ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті. Тексеру барысында аталған дерек расталды», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.
«Суицид жасаған адам 24-қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды