Оралда екі айлық сәби көз жұмды
Оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болған
Оралда екі айлық сәби көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, адам өлімінің дерек ретінде тіркелгенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой Город» порталына сілтеме жасап.
Айша Үрінбаеваның әкесі айтқандай, сәби ұзақ жылап, олар жедел жәрдем шақырған. Ауруханада кезекші дәрігер анализдерін алып, рентгенге түсіріп, суреттен пневмония диагнозын қойған. Келген педиатр инъекцияны тағайындайды.
«Укол, антибиотик салды. Баламыз 10 минуттан кейін қайтыс болды. Ол сау бала еді. Дәрігерлер өздерін кінәлі деп санамайды, себебі алғашқы тексеру бойынша пневмония жоқ, бірнеше диагноз қойған, алдымен жүрек ауруы депті. Ондай болған жоқ, анафилактикалық шок қойды, сосын газдардан деді, сосын баланы түсіріп алдық деп те айтты», – дейді қыздың әкесі Еламан Үрінбаев.
Бәйтерек аудандық ауруханасының бас дәрігері аллергиялық реакцияға сынама күткендей жасалды, бірақ қызару болмағанын айтады. Ал инъекциядан кейін бала бірден көгеріп кеткен.
«Балаға кардиомегалия, жүректің ұлғаюы диагнозын қойыпты. Дәрігерлер сол жерде рентген тампонадасының суретін көреді, аутопсия жасағанда пневмония жоқ, мүмкін фульминант түрі, вирустық түрі бар деп ойлады. Жүректің қабығындағы қанның қайдан шыққаны белгісіз, түсініксіз жағдай, әзірге бізде нәтижесі жоқ», - деп түсіндірді бас дәрігер Темур Мұсағалиев.
БҚО полиция департаменті адам өлімінің дерек ретінде тіркелгенін жеткізді.
«Сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады»,- деп хабарлады ведомстводан.