01.11.2022, 15:05
Оқиғалар
Үндістанда қираған көпірге қатысты 9 күдікті ұсталды
Олардың арасында мердігерлер мен билет сатушылар бар
Фото: ашық дереккөзден
Үндістанда қираған көпірге қатысты 9 күдікті ұсталды. Мамандар қайғылы оқиғаның алдында бір топ адамның көпірді теңселтпек болған әрекеті бейнекамераға түсіп қалғанын айтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Мұны апат орнында болған куәгерлер де растап отыр. Әзірге көпірде адам санын бақылауда ұстай алмаған 3 күзетші, бірнеше кассир мен құрылыстың жөндеу жұмысына жауапты екі адамға қатысты іс қозғалды.
Естеріңізге салайық, Гуджарат штатында аспалы көпір опырылып, 141 адам мерт болған еді. Марқұмдардың арасында балалар мен әйелдер көп. Құрылыс нысаны қирағанда онда 500-ге жуық адам болды. Тергеу ісі жалғасып жатыр.
Көп оқылған
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады