$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркиядан Қазақстанға 28 келі алтынды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Түркиядан Қазақстанға 28 келі алтынды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстады,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген.   

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды",-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары