Шымкентте кішкентай қызды зорламақ болған педофилдің фотороботы жасалды

Azattyq Rýhy
Шымкентте кішкентай қызды зорламақ болған педофилдің фотороботы жасалды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Lider. Kz қозғалысының еріктілері мен жергілікті тұрғындар 29 қыркүйекте көпқабатты үйдің ауласында кішкентай қызды зорламақ болған педофилдың фотобейнесін жасап шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Людмила Герасимова фотороботтың оқиға болған күні педеофилді көзімен көрген ата-аналармен және балалармен бірге жасалғанын айтқан.

Көк түсті қалың жемпір киген, жіңішке денелі ер адам оқиға орнына шамамен жасыл түсті Фольксваген көлігімен келген. Оның балаларға бірінші рет кәмпит пен түрлі тәтті ұсынып жүрмегені белгілі болды. Тұрғындардың ойынша, оны балалар жиі көріп жүрген сияқты.

«Тұрғындардың айтуынша, ер адам сағат 18:30 шамасында балалар алаңының ортасында шалбарын шешіп, 6 жасар қыздың ернінен сүйіп, тіпті киімін шешіп зорламақ болған. Сол кезде қыз айқайлап жылап, оны көрген жасөспірімдер көмекке жүгірген, сол уақытта қаскөй де қашып кеткен», - делінген хабарламада. 

Күдікті ер адам аулаға орнатылған бейнебақылау камераларына түспеген. Қазіргі кезде оны здеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еріктілер аталған ер адамның қайда тұратынын білетіндер болса, 8 777 679 18 24 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Айрықша белгілері:

Шамамен 35-40 жастағы, азиат нәсілді, арықша келген ер адам, бойы шамамен 175 см. Қоңыр көзді, жұқалтаң жүзді, қабағы түсіңкі, жіңішке мұрынды. Ерні қалың да, жұқа да емес. Шашы қара, кекілі көзіне дейін түскен. Үстінде: көк түсті жемпір-шалбар киген, шалбарының ақ жолағы бар. Қара түсті аяқ киім киген.

Еске салайық, Шымкентте 29 қыркүйекте 1 мамыр көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары ересек ер адамның кішкентай қыздарға азғындық көрсетіп, оларға тиіскенін мәлімдеген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.