ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында 9 көлікті айдап әкеткен күдікті ұсталды

1994 жылғы азамат көліктерді түнгі уақытта айдап әкетіп отырған

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері автокөліктерді айдап кетіп жүрген қаскөйді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта Зашаған полиция бөліміне адамдар көлік құралдарын әлдекімнің айдап әкеткені туралы жиі арыз бере бастады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, Зашаған полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласы маңы мен Зашаған кенті маңынан 9 көлікті айдап әкеткен азаматты ұстады.

1994 жылғы жігіт Круглоозерное ауылының тұрғыны болып шықты.

Полицейлердің айтуынша, қаскүнем түнгі уақытта, сағат 23:00-ден кейін көліктерді айдап әкетіп отырған.

«Ол автодүкеннің терезесін сындырып, көлікті жанармайы біткенше айдап, жанармайы таусылғанда көлік ауыстырған. 12 ақпан күні түнде ол тағы 2 көлікті айдап әкеткен, бірақ автокөліктен ештеңе ұрламаған», - деді Зашаған полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Айтуғанов.

Ұрланған көліктерді полиция қызметкерлері тауып, иелеріне қайтарды. Аталған деректер бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автобұзақы өзі үшін автокөлікті айдап әкету «ойын сияқты» деп түсіндірді және сол әрекетінен ләззат алыпты.
 

Сұхбат