$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 03:59
Оқиғалар

Алматыда банк қызметкерлерін дүрліктірген азамат ұсталды

Ұмыт болған пакет сауда орталығындағы дүрлігіске себепші болған

Алматыда банк қызметкерлерін дүрліктірген азамат ұсталды

Алматыда Назарбаев даңғылындағы сауда орталығында орналасқан банкке күмәнді пакет қалдырып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұмыт болған пакет сауда орталығына келушілер мен қызметкерлерді жаппай эвакуациялауға себепші болған. Целлофан қапшықта сыртқы пішіні жарылғыш құрылғыға ұқсайтын әлдебір бұйымдар болған. 

Полицияның мәліметінше, пакеттің иесі Алматы қаласының 1998 жылғы тұрғыны болып шықты. 

Ол пакеттің өзіне тиесілі екенін бірден растаған.   

«Оның айтуынша, құрылғыларды өсімдік өсіру әдістерін жетілдіру үшін қолданып жүрген. Ол тұрмыстық бұйымдар салған пакетін банк бөлімшесінде ұмыт қалдырып кеткен екен. А. есімді азаматтың келтірген дәйектері міндетті түрде қайта тексеріледі», – делінген хабарламада.   

Аталмыш дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді. Егер азаматтың қастандық жасау ниеті болғаны дәлелденсе, оған 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сонша көлемде мәжбүрлі жұмыстарға жегіледі не болмаса, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Айта кетерлігі, жақында ғана Алматы әуежайына да жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарап, артынша 22 жастағы күдікті азамат қолға түскен болатын.

 

Серіктес жаңалықтары