Алматы әуежайында жолаушыларды эвакуациялап жатыр

Желіде әуежайдағы жағдайдың видеосы тарап кетті 

Халықаралық әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Оқиға орнына құтқарушылар, өрт сөндіру қызметімен бірге полиция да жеткен. Ұшаққа бағыт алған жолаушылар мен әуежайдың қызметкерлін сыртқа шығарып жатыр.

«18:30 бізге әуежайдың бас ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген қоңырау түсті. Анығын құзырлы органдардан анықтаңыздар. Осындағы барлық адамдар түсіністікпен қарап жатыр. Қонған ұшақтағы жолауышлар әлі салоннан  шыққан жоқ. Олар әлі  ұшақ салонында  отыр. Нақты қанша адамның ұшақта отырғанын айта алмаймын, бірақ әуежай терминалынан алыс. Ал рейстер кешігуі мүмкін», -деді  Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хатшысы  Наталья Соколова.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы 

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр