$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2020, 12:37
Оқиғалар

Талдықорғанда ұрыны бақылау камерасы арқылы қолға түсірді

Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды   

Талдықорғанда екі дүкенді тонаған ұры бейнебақылау камерасының көмегімен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 жастағы азамат бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасаған. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. 

«Талдықорған қалалық Полиция басқармасына дүкен иелерінен электр құралдарын және бірнеше жұп аяқ киімнің қолды болғаны туралы арыз түсті. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1-тармағына сәйкес іс қозғалды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азаматтың бұған дейін де өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін екі мәрте жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сондай-ақ есірткі заттарын дайындау және сақтау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы 2-тармағына сәйкес 2014 жылы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген», -деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

 

Серіктес жаңалықтары