Қызметтік орнында пышақталған «Қазақмыс» директоры ауруханадан шықты
Амангелді Мініғұлов әзірше қызметтік міндетіне кіріспеген
Жұмыс орнында пышақталған «Қазақмыс» ЖШС-нің директоры Амангелді Мініғұлов ауруханадан үйіне шықты. Оның денсаулығына төнер қауіп жоқ, деп хабарлайды baigenews.kz-ке сілтеме жасаған Azattyq Rýhy.
Амангелді Мініғұлов әзірше қызметтік міндетіне кіріспеген. Айта кететіні, Мініғұлов «Кәсіпқорған» кәсіподағы төрағасы, марқұм Тоғызбай Тәжбенов жасаған шабуылдан кейін екі қылмыстық іс бойынша тергеушілерге куәлік беруде.
Кісі өлтіруге оқталу бабымен қозғалған іс бойынша Амангелді Мініғұлов жәбірленуші, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен ашылған іс бойынша ол - куәгер.
Еске салсақ, 21 қаңтарда «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов қызметтік кеңседе өзара сөзге келген «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Амангелді Мініғұловты төбелес кезінде пышақпен жарақаттады.
Одан бөлек, төбелескендерді ажыратпақшы болған корпорацияның қызметкері Сабыржан Тембаев та кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды. Тоғызбай Тәженов болса өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқи отырыңыз: «Қазақмыс» корпорациясының бас директорына қарулы шабуыл жасалды