ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

«Қазақмыс» корпорациясының бас директорына қарулы шабуыл жасалды

Оны пышақтаған адам оқиға орнында өзін-өзі өлтірген

Фото: ашық дереккөзден

Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас директоры Амангелді Минигулов ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оқиға бүгін кешкі сағат 18 шамасында болған. Кабинетінде отырған Амангелді Минигуловты кәсіподақ ұйымының төрағасы пышақпен жарақаттап, одан кейін өзін-өзі өлтірген.

Қайтыс болған Тоғызбай Тажбеков «Кәсіп қорған» кәсіподақ ұйымының басшысы болған. Ол екеуінен бөлек кабинетте корпорацияның әлеуметтік бөлімінің басшысы болған.

Бас директор мен кәсіподақ басшысының арасында жанжал туындап, кабинеттен шығып кеткен Тоғызбай Тажбеков қару алып қайтып келген. Хатшы мен басқа қызметкерлер ауаға атылған тапанша дауысын естіген. Одан кейін кәсіподақ төрағасы бас директор мен бөлім басшысын пышақпен жарақаттап, өзін-өзі өлтірген. 

Жезқазған полициясының өкілдері оқиға орнында тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Тегтер: