21.01.2020, 22:54
Оқиғалар
Атырау облысында ҰБТ тапсырып жатқан қызын уайымдаған ана көз жұмды
Әйел 56 жаста болған
Фото: ашық дереккөзден
18 қаңтар күні Атырау облысы Құлсары қаласындағы №18 мектепте өтіп жатқан ақылы ҰБТ кезінде оқушылардың бірінің анасы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
56 жасағы әйел емтихан тапсырып жатқан қызын қатты уайымдаған.
«Жедел жәрдемге шақырту 13.50-де келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер әйелді құтқара алмады. Өлім себебі анықталып жатыр», - дейді аудандық жедел жәрдем қызметінің меңгерушісі Ғалия Қалиева.
Ал Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров ҰБТ екі күн өткізілгенін және оқушыларға ешқандай қысым көрсетілмегенін айтты.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды