$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2020, 01:28
Оқиғалар

Елордада құмар ойыншы дүкен тонады

Оқиға 20 қаңтар күні болған

Елордада құмар ойыншы дүкен тонады
Фото: ашық дереккөзден

Құмар ойын ойнап, қарызға белшесінен батқан елорда тұрғыны дүкен тонады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құмар ойыннан ұтылып, таныстары мен достарына қарыз болып қалған 27 жастағы елорда тұрғыны дүкен тонап, ақшаны қылмыстық жолмен таппақ болған. 

20 қаңтар күні түнде ол қала көшелерін аралап, бейнебақылауы және күзетшісі жоқ дүкен таңдаған.

«Сағат 04:10-да қажетті объектіні таңдаған ол дүкенде бір сатушы жұмыс істейтініне көз жеткізген. Соңғы сатып алушы дүкеннен шыққан соң айыпталушы пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыскер кассадан 100 мың теңге алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицияны зардап шеккен дүкенші әйел шақырған», - деді ПД баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шаралардың нәтижесінде полиция қылмыскерді қамауға алды. Қазіргі таңда ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД тергеу изоляторында жатыр.

Серіктес жаңалықтары