$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2020, 17:43
Оқиғалар

Туғанына 10 күн болған сәби вакцинациядан қайтыс болған жоқ – Алматы әкімдігі

Сәбидің өліміне қатысты арнайы комиссия құрылды

Туғанына 10 күн болған сәби вакцинациядан қайтыс болған жоқ – Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Түрксіб ауданында туғанына небәрі 10 күн болған сәби шетінеп, оның туыстары «бала дүниеге аман-сау келді, ол дәрігерлердің кесірінен көз жұмды» деп полицияға арызданды. Осы жағдайға байланысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Басқарманың жауабында Андрей Рогозиннің (шетінеген сәбидің аты-жөні – авт.) екпеден қайтыс болмағаны айтылған. Қазір шетінеген сәбиге байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру нәтижесі құқық қорғау органдарына жіберіледі.

«Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің вакцинациядан қайтыс болғанын растамайды. Жаңа туған нәрестенің қайтыс болуы туралы жариялауға қатысты біз мынаны хабарлаймыз. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен бірлесіп комисия құрылды. Оның құрамына білікті мамандар, тәуелсіз сарапшылар кірді. Комиссиялық тексеру нәтижесі бойынша өлімнің себебі нақтыланатын болады. Бұл факт қала басшылығының бақылауында», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген жауабында.

Еске сала кетейік, 19 қаңтарда №4 қалалық перезентханада салмағы 4,2 келі болып туған бала арада 10 күн өткеннен кейін көз жұмды. Сәбидің туыстары балаларының өліміне жұқпалы ауруға қарсы салынған екпе себеп болғаны айтып, дәрігерлерді кінәлады.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары