ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмды

Төтеншеліктер Astana Arena стадионының шатыры құлағанын растады

Стадион шатырының бірт бөлігі қар салмағынан құлап кеткен  

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бүгін әлеуметтік желілерде тарап кеткен Astana Arena стадионы шатырының құлағаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.     

Оқиға 9 ақпан күні сағат 11:05-те болған.

«Қалың қар жиналып қалғандықтан шатырдың шыны бөліктері (поликарбонат – әйнек алмастырғыш) сегіз шаршы метр аумақта ішінара шытынап, сынып кеткен», – делінген департамент хабарламасында.     

Айта кетсек, оқиға болған кезде Astana Arena стадионында жаттығу жасап жүрген адамдар шатыр бөлігінің құлаған сәтін видеоға жазып, желіге салған еді. Олар түсірген кадрларда шатырдың қардан зақымдалған бөлігінің спортзал ішіне құлағаны көрсетілген. 

Сұхбат