$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда белгісіз ер адам бойжеткенге шабуыл жасады

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты тергеудің басталғанын мәлімдеді

Алматыда белгісіз ер адам бойжеткенге шабуыл жасады

Кеше кешкісін 28 жастағы Анастасия есімді Алматы тұрғынын үйінің маңайында бейтаныс ер адам соққыға жыққан. Instagram-дағы Almatygramm парақшасы арқылы шағымын білдірген бойжеткен полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстауға құлықсыз деп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Мен дереу полицияны шақырдым. Осы уақытқа дейін бірде-бір камераны тексерген жоқ. Менен тек қандай да бір затыңызды ұрлады ма деп сұрады. Басқа ешнәрсе сұрамады. Мен оның түрін анық есімде сақтап қалдым. Сізді ұрған адам басқа өңірде тұратын шығар, сонда қашып кеткен болуы керек дейді. Іздеуге де құлықсыз",-дейді алматылық Анастасия.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Қыздың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл оқиға 16 тамызға қараған түні Медеу ауданында болған. Тергеу барысы қалалық полиция басшылығының бақылауына алынды», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары