Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр

Azattyq Rýhy

Судың құрамын облыстық экология департаменті тексеріп жатыр

Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр. Жергілікті тұрғындар мен туристер  өлі балықтарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.   

Айтуларынша, арасында ірі балық та, шабақ та көп. Ал аумаққа жауапты «Бурабай» Ұлттық табиғи паркінің мамандары бұны жаппай қырылу деп айтуға болмайды, дейді. Себебі судан сынама алып, құрамында зиянды заттардың жоқтығын анықтапты. Жылда осы уақытта балдыр гүлдеп, көмірқышқыл газы бөлінеді екен. Салдарынан су жәндігіне оттегі жетіспей, біразы қырылады деп отыр. Ал мұндай құбылыс тек судың таяз жерлерінде болады екен. Дегенмен,  қазір судың құрамын облыстық экология департаменті де тексеріп жатыр. Нәтижесі бірнеше күннен соң белгілі болады.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.