$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.08.2022, 12:13
Оқиғалар

Төмендетілген бағадағы дизель отыны жанармай бекеттерінде қымбатқа сатылып келген – ҚМА

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Төмендетілген бағадағы дизель отыны жанармай бекеттерінде қымбатқа сатылып келген – ҚМА
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігіг мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстары барысында оператордың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге арналған монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге қосымша кіріс алған», - деп атап өтті агенттік өкілдері.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, арнайы сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары