$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.08.2022, 12:33
Оқиғалар

«Отбасының шырқын бұзған»: Қызылордада 852 азамат есепке алынды

Оларды полицейлер үнемі тексеріп отырады 

«Отбасының шырқын бұзған»: Қызылордада 852 азамат есепке алынды

Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізіліп жатыр. 

Жыл басынан бері 102 арнасына отбасылық жанжал бойынша 962 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 852 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды. 

Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттың қаулысымен 234 азаматтың мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленген.

Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, қайта құқық бұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен жыл басынан 87 азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары