Төртінші күн: Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеу тәсілі өзгертілді
Мамандар баланың ерекшелігін ескеріп, іздеу шараларын өзгертті
Қостанай облысында жоғалып кеткен жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шараларының тактикасы мамандардың ұсыныстарын ескере отырып өзгертілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қостанай облысының Полиция департаментінің өкілдері іздестіру баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын айтты.
«Аумақты тінту бағыты өзгерді. Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады.Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды», - делінген ПД хабарламасында.
Таңертең төрт бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды.
«Іздеуді еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері жалғастырып жатыр», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2017 жылы туған Ерланқызы Мадина 7 тамыз күні Қостанай облысына қарасты Жамбыл ауылындағы үйінен таңға жуық шығып кеткен. Бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің бақылауында болған. Қыздар таңертең оянғанда бүлдіршінді таппай қалған. Қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген. Баланы іздеу жұмыстарына тепловизор да қолданылды. Жүгері алқаптарының бірінен бала тісінің ізі бар жүгері собығы табылды. Жүгері собығы сараптамаға жөнелтілді. Іздеу тобы ауыл маңайындағы егістік алқаптарына әуе шарына байланған азық-түліктер қалдырды. Сондай-ақ Рудный дельтаклубының нұсқаушылары егістік алқаптарын түні бойы дельтапландармен тінтіп шықты.
Анасы қызының аутизммен ауыратынын және сөйлей алмайтынын, әкесінің бұрын қайтыс болып кеткенін жеткізді.