08.08.2022, 09:33
Жаңалықтар
Қостанай облысында бес жасар қыз таңға жуық жоғалып кеткен
Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында 7 тамыз күні таңға жуық үйінен шығып кеткен бес жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің бақылауында болған. Қыздар таңертең оянғанда бүлдіршінді таппай қалған. Қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген.
«Хабарлама түскеннен кейін бірден іздеу шаралары басталды. Қостанай полиция басқармасының жеке құрамы дабыл қағып, іздеу жұмыстарына еріктілер қосылды», - деп атап өтті ПД өкілдері.
Қазіргі уақытта бүлдіршіннің орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды