$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2022, 14:34
Оқиғалар

БҚО-да жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

БҚО-да жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Батыс Қазақстан облысындың Бөрлі ауданында жол апаты болып, көлік жүргізушісі қаза тапты,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 тамызда сағат 7:10 шамасында Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының 95-шақырымында болған.

«Бөрлі ауылынан шыға берісте, Бөрлі-Ақсай жолының қиылысында «Ауди» көлігінің 1963 жылғы жүргізушісі жол бермей, 1985 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Ланд Крузер» автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 1963 жылғы жүргізуші сол жерде жан тапсырды», - делінген хабарламада.

Ал «Тойота Ланд Крузер» автокөлігінің жүргізушісі дәрігер қараған соң үйіне жіберілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары