$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз оқиғасы: егіс алқаптарына шар байланған азық-түлік қалдырылды

Бүгін кешке жүгері алқаптарының үстінен дельтаплан ұшырылады

Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз оқиғасы: егіс алқаптарына шар байланған азық-түлік қалдырылды
Фото: Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Қостанай облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 5 жасар Мәдина Ерланқызы әлі іздестіріліп жатыр. Іздеу тобы ауыл маңайындағы егістік алқаптарына әуе шарына байланған азық-түліктер қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткізілген жедел штабтың кезекті отырысынан соң егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигналдық нұсқа болмақ.

«9 тамыз күнгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша баланы іздеу аймағы Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы төрт бағытта жүріп жатыр», - деп атап өтті Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әр егіс басында (жүгері және картоп алқаптары – ред.) арнайы бақылаушылар әуені бақылап отыратын болады.

«Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары егістік алқаптарына дельтапландар ұшыруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін түсте жүгері алқаптарының бірінен бала тісінің ізі бар жүгері собығы табылды. Жүгері собығы сараптамаға жөнелтілді. 

Тақырыпқа орай: Қостанайда жоғалған 5 жасар қызға қатысты тың ақпарат пайда болды

Еске салсақ, 2017 жылы туған Ерланқызы Мадина 7 тамыз күні таңға жуық үйінен шығып кеткен. Бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің бақылауында болған. Қыздар таңертең оянғанда бүлдіршінді таппай қалған. Қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген. Баланы іздеу жұмыстарына тепловизор да қолданылды.

Ата-анасы қызының аутизммен ауыратынын және сөйлей алмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары