10.08.2022, 09:36
Оқиғалар
Екібастұзда бір жарым ай бұрын жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр
Бұл туралы Павлодар "VITA" іздеу жасағы мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден
1987 жылы дүниеге келген Достан Акмамбаевты іздеуге еріктілер кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар "VITA" іздеу жасағы мәлімдеді.
«Жас жігітті @poiskoviki_ekibas_vita еріктілері іздеуге кірісті. Өкінішке қарай, жоғалып кеткен адам туралы туыстары кеш хабарлап, дабыл қағып жатады. Міне, осы оқиға осының дәлелі. Достанның із-түзсіз кеткеніне бір жарым ай болған», - дейді еріктілер.
Қазіргі таңда іздеушілер Достанның жақындары мен достарынан мән-жайды анықтауда. Сондай - ақ әлеуметтік желілерде фотосуреттермен ақпаратты барынша таратуды көздейді және жоғалған азаматқа қатысты ақпарат келеді дегенге сенімді.
Еріктілер Достан Акмамбаев туралы қандайда бір ақпарат білсеңіз мына нөмергғ хабарласуды сұрайды.
+7 747 615 55 63 Катерина
+7 778 295 9755 Самал.

Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды