05.08.2022, 11:06
Оқиғалар
Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Елшілік қызметкерлері дін аман
Фото: ашық дереккөзден
Лондондағы Әзербайжан Республикасының елшілігіне радикалды ұйым өкілдері шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy "Хабар24"-ке сілтеме жасап.
Ақпаратты Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі растап отыр. Ғимаратқа баса көктеп кіргендер діни ұрандарын айтып, ұйымның туын көтерген екен. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жергілікті полиция дер кезінде әрекет етіп қаскөйлерді сыртқа шығарып үлгерді. 8 адам тұтқындалды.
Елшілік қызметкерлері дін аман. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті жергілікті радикалды ұйым өз мойнына алды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
