$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2022, 09:05
Оқиғалар

Қытай Жапонияны көздеп баллистикалық бес зымыран атты

Жапон үкіметі қытай билігіне қарсы дипломатиялық арыз түсірді 

Қытай Жапонияны көздеп баллистикалық бес зымыран атты
Фото: ukrinform.ru

Қытай әскері Жапонияға қарасты ХатерУма аралына 5 баллистикалық зымыран атты. Бұл туралы жапон үкіметіне сілтеме жасаған «Киодо Ньюз» ақпарат агенттігі хабарлады. Жалпы қытай 9 зымыран атқылаған. Олар 350 шақырымнан 700 шақырымға дейін жеткен. Зымырандардың 4-уі Тайвань жерін көктей өтіп, 5-уі Жапонияның айрықша экономикалық аймағына түсті. 

Күншығыс елінің Сыртқы істер министрі Иосимаса Хайаси Қытайдан Тайвань маңында оқ атқылап жатқан әскери оқу-жаттығуды дереу тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ жапон үкіметі қытай билігіне қарсы дипломатиялық арыз түсірді. Айта кетейік, Тайваньға АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен бастап, аймақтағы жағдай қатты ушығып тұр.  

Серіктес жаңалықтары