Түркиядағы ұшақ апатынан 139 адам жарақат алды
Екі ұшқыш та ауыр халде жатыр
Ыстанбұлдағы Сабиха Гекчен әуежайындағы ұшақ апатынан 139 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
Ұшақта 171 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Көлік министрінің айтуынша, Боинг-737 ұшағы жерге қонатын кезде тайып кеткен. Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Ыстанбұлдан Измирге келген.
«Әуежай жабық. Ұшақ апатынан кейін әуе рейстері тоқтатылды. Ұшақ қонған кезде қатты жаңбыр жауап, жел соғып тұрған», - деп жазады басылым.
Фото: reuters.com
Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, борттағы жиырма адам шетел азаматтары, қалғандары – түріктер. Сонымен қатар екі ұшқыштың ауыр халде жатқаны белгілі болды.
Ыстанбұл мэрінің айтуынша, ұшақ ауа райының қолайсыздығынан ұшу-қону алаңынан 50-60 метрге шығып кеткен. Түркия прокуратурасы апатқа байланысты тергеу жұмыстарын бастады.