28.07.2022, 10:07
Оқиғалар
ШҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі орманнан табылды
Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін, 26 шілдеде табылған
Фото: yk-news.kz
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі орманда жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 шілдеде сағат 00.30-да кезекші пультіне хабарласқан ер адам танысыныңның орманға саңырауқұлақ теру үшін шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы айтқан.
Жоғалған адамды іздеу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілер, жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін, 26 шілдеде сағат 20.00 шамасында табылды», - делінген хабарламада.
Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды