Шымкентте есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Azattyq Rýhy

Күдіктілер қамауға алынды

 

Шымкентте есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

 Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, оны өткізумен айналысқан үш азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның екеуі Қаратау ауданы «Достық» мөлтек ауданындағы жол бойынан құрықталып, олардан 2 полиэтиленді пакетте болған есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында олармен сыбайлас бір азамат Қайнар бұлақ тұрғын үй алабында өзінің мекенжайынан ұсталып, ол азаматтан 1 қапқа салынған есірткі заты табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «кептірілген марихуана» екендігі анықталып, жалпы салмағы – 7 кг 188 гр құрады.

Атап өту қажет, құрықталған қылмыстық топ мүшелерінің барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.

Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.